2024 жылдың 12-қарашасында «Кәсіби педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберлік қалыптасуының негізі» тақырыбындағы «Сапа апталығы – 2024» шаралары аясында Педагогика және психология кафедрасы, пед.ғ.кандидаты, қауымдастырылған профессор Р.С.Кинжекованың жетекшілігімен, пед.ғ.магистрлері, аға оқытушылар Б.Н.Амангелдиева мен Ж.С.Қабди оқытушылар мен студенттерге арналған «Киберқауіпсіздік және цифрлық этика» тақырыбында семинар өткізді. Семинар мақсаты – киберқауіпсіздік мәселесі және киберқылмыстың алдын-алу жолдарын талқылау, цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Семинар барысында Орал қаласы Полиция басқармасы, Абай полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры А.Ж. Бисенгалиев, Орал қаласы Полиция басқармасы Абай полиция бөлімі, криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі,  полиция капитаны Д.Д. Орынбасаров «Интернет алаяктығының түрлері және оның алдын алу» тақырыбында,  «IT Group Kazakhstan»  ЖШС директоры А.Б. Сабурова «Komek Stop Bulling» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстар туралы сөз қозғаса, Білім және менеджмент институты, цифрландыру және инновациялық департаментінің басшысы магистр З.Ғ. Мұхтар «Желідегі әрекеттерді сақтықпен жасаңыз! Киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында желідегі киберқауіпсіз қадамдарды жасаудың тәсілдерімен таныстырды. Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі,  экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы А.У. Тулегенова адам факторы – киберқауіпсіздік тізбегіндегі ең әлсіз буын екенін өмірлік жағдаяттан мысал келтіре отырып түсіндірді. «Цифрлық шабуылдардың психологиясы: неліктен адамдарға қарсы кибершабуылдар соншалықты тиімді?» тақырыбында аға оқытушы, магистр Б.Н. Амангелдиева киберқауіпсіздіктің психологиялық астарларын баяндап, аға оқытушы, магистр Ж.С. Қабди баспадан шыққалы отырған «Цифрлық кеңістіктегі балалар мен жасөспірімдердің кибер қауіпсіздігі» атты оқу-әдістемелік құралы мазмұнымен таныстырды. Семинарды қорытындылау мақсатында қатысушы студенттердің киберқауіпсіздік және цифрлық құзыреттілігінің деңгейін бағалау үшін сауалнама жүргізілді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz