2024 жылғы 12 қарашада кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекші маманы К.К. Жәнияров және «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы А.Т. Тасқалиев Желаев кентіндегі № 14 ЖОББМ-де және Бәйтерек ауданы Байқоңыр ауылдық округі мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Мамандық таңдау – бұл адамның өмір бойы жалғасатын көп сатылы процесс.
Кәсіптік бағдарлау процесі жоғары оқу орнына түскенге дейін — мектеп қабырғасында жүзеге асырылуы тиіс. Осы негізде ҰБТ тапсыру үшін пәндер таңдалады. Алайда, кәсіби өзін-өзі анықтау өте қиын, ол жеткілікті жеке тәжірибе мен жеке жетілуді қамтиды.
Дұрыс кәсіби таңдау жасау үшін, тек кәсіби өзін-өзі анықтау негізінде мүмкін болады және оның негізі кәсіби сәйкестілік болып табылады.

