2023 жылдың 27 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің “Құқық қорғау қызметі” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне дуалды білім беру негізінде БҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасына барып, “алынған іздерді оқшаулауды сипаттау әдістемесі” тақырыбында практикум өткізілді. Сабақтың мақсаты теориялық білімді құқық қорғау органдарының практикалық қызметімен ұштастыру болды.

Криминалистикалық басқарманың аға криминалисі полиция подполковнигі А.М.Малаев студенттерге криминалист-техниктердің қызметі процесінің негізгі тұстарын ашып, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша оқиға орнын қарау тактикасына ерекше назар аударды. Әрі қарай, студенттерді “Образ++” және “Папилон” ақпараттық базаларының жұмысымен таныстырып, қылмыс орнынан саусақтардың және алақандардың папиллярлық үлгілерінің іздерін әртүрлі тәсілдермен алуды көрсетті. Іздерді алу әртүрлі заттардың беткі бедерінен алумен көрсетілді. 

Сабақ соңында студенттер полиция подполковнигі А.М.Малаевқа және БҚО ПД-нің ЖКБ-ның басшылығына семинар сабағын ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz