Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2016 жылғы 14-қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1-наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялағаны белгілі. Биылғы жылы еліміздегі коронавирус індетіне қарай жариялаған төтенше жағдайына байланысты университеттегі алғыс айту мерекелік шара барлық санитарлық ережелерді сақтап өткізілді.
Алғыс айту күні – күрделі заманды «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлесе бастан өткеріп, аз уақыт ішінде Ұлт көшбасшысының тікелей ұйытқы болуымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында еселі еңбек еткен барлық азаматтардың бір-біріне алғыс айтып, құрмет білдіретін күні.
Осыған орай университет тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.И.Абекешев оқытушылар мен қызметкерлерді және студенттерді мерекемен құттықтап, алғыс айту күнінің мағынасын түсіндіріп өтті. Педагогика факультетінің 1 курсының белсенді студенттері оқытушылар мен қызметкерлерді 1-ші қабаттағы дәлізді мерекеге сай безендіріп, өз жалынды құттықтауларын жеткізді.

