2021 жылдың 25 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәрістер сериясы аясында ф.ғ.д., профессор М.Б.Сабыр «Абай шығармашылығының байырғы түркілік арналары» атты дәріс оқыды. Дәріс ZOOM форматында өткізілді. Дәріске 100-ге жуық тыңдарман қатысты.
Дәрістің мақсаты Абай Құнанбайұлының ұлт ақыны болып қалыптасуындағы басты бір арнасы орта түркі дәуіріндегі (Х-ХҮ ғасырлар) жазба мұралар, түркілік жазба әдебиет екендігін дәлелдеу. Дәріс барысында ақын шығармашылығының байырғы түркілік арналары жан-жақты талданды. Абай мұрасының мәңгілік елдің рухани игілігі екендігі көрсетілді.


