30.01.2023-27.02.2023 ж. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен ҚР ІІМ-нің М.Есболатов атындағы Алматы академиясы арасындағы Меморандум аясында және ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы арасында тәжірибе алмасу шеңберінде Алматы академиясының 1-курс докторанттары үшін университетіміздің Тарих және құқық кафедрасының профессоры, кіші әділет кеңесшісі з.ғ.д, доцент, С.Е.Қайыржанова «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізеді.

Алғашқы дәріс барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа тың  мәліметтер ұсынылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте алдын алу шараларын ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен тәрбиені қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды тарту бойынша құрылымдық бөлімшелерде жұмысты жалғастыру және жандандыру қажеттігіне басты назар аударды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz