6В07302-Құрылыс білім беру бағдарламасы шеңберінде Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық унивеситетінің БҚО-дан әлемнің ең құрметті ғалымдарының тізіміне енген, т.ғ.д., профессор академик С.А.Монтаевпен 2023 жылдың 10 қаңтарында «Энергия үнемдейтін композиттік материалдарды жасау мақсатында Қазақстанның табиғи және техногендік шикізатын өңдеудің кешенді және ұтымды технологиялары» тақырыбында қонақ дірісі өтті. Аталған іс-шараға профессор-оқытушылар құрамының өкілдері мен студенттер қатысты. Қонақ дәрісі студенттер арасында ғылымға деген үлкен қызығушылық тудырды және пайдалы пікір-талас түрінде өтті.
Студенттер атақты шақырылған қонаққа ынтымақтастық және олармен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.


