2023 жылдың 9-ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Саматова Жанар Мендигереевна мен Муратова Алия Саиновна жоспарға сай қаламыздағы қасиетті орындардың бірі – Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражай үйінде “Тарих”, “Психология” білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен “Память сильнее времени” тақырыбында тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты халқымыздың, туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға негізделген патриоттық тәрбиеге бағытталған.
Студенттер Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова туралы ақпарат дайындады. Мұражайда студенттер М.Мәметованың фотосуреттері, жеке заттары, хаттар, тұрмыстық заттар және басқа да құнды жәдігерлермен таныстырылды.
Студенттердің көпшілігі бұл мұражайға алғаш рет барып, айтылған әңгіме мен ұсынылған құнды жәдігерлерді көріп тәнті болды.
Өткізілген тәжірибеге бағытталған сабақтың нәтижесінде студенттер бір-бірімен алған жағымды әсерлерімен бөлісті, сонымен қатар өздеріне адамгершілік, ерлік және патриоттық бағыттағы баға жетпес сабақ алды.