2025 жылы 03-14 ақпаны аралығында Батыс Қазақстан инновациялық -технологиялық университеті мен Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің арасындағы екі жақты келісімшарт негізінде Білім және менеджмент институтының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Арыстанова Асель Бекболатовна мен аға оқытушысы, э.ғ. магистрі Нурманова Айсулу Каиргалиевна ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асырды.
Арыстанова Асель Бекболатовна Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «6В01503-Информатика» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «STEM-оқыту» пәнін модульдік оқыту нысаны бойынша өткізді. Студенттерге ғылым, технология, инженерия және математика салаларында кең көлемде білім беріп, олардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға және осы салаларда қолданылатын практикалық дағдыларды меңгертті. STEM-оқыту студенттердің осы салаларда шығармашылық және инновациялық шешімдер табуға қабілетті болуына бағыттады.
Нурманова Айсулу Каиргалиевна Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің 6В04101 – Менеджмент, 6В04103 – Экономика, 6В04102 – Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнін модульдік оқыту нысаны бойынша өткізді. А.К. Нурманова студенттерге бухгалтерлік есеп әдісінің маңызды элементтерін, бухгалтерлік балансты қорытындылау және бухгалтерлік есеп шоттарына қосарлы жазба, құжаттама және түгендеу процестері, бухгалтерлік есеп формалары мен оны ұйымдастырудың ережелерін үйретті.


