2024 жылдың 29-сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының «Қаржы  және экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен кезекті академиялық комитет отырысы өткізілді. Комитет отырысына облыстық, аймақтық, қалалық кәсіпорындар басшылары, мемлекеттік мекемелер жетекшілері, банк филиалдарының директорлары, оқытушылар, білім алушылар мен түлектер қатысып, 2024-2025 оқу жылына арналған «6В04106 –  Қаржы», «7М04101 – Қаржы», «6В04105 – Есеп және аудит», «6В11101 -Туризм», «6В04104 – Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В04103 – Менеджмент», 6В04102 – Экономика, 7М04102 – Экономика білім беру бағдарламаларының жобаларын талқылап, оқыту нәтижелері туралы өз пікірлерін білдірді. Бұл шара университеттің білім беру бағдарламаларының мазмұны мен сапасын жетілдіру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. 

Отырысқа қатысқан БҚО Стратегия және экономикалық даму департаментінің өңірлік даму бөлімінің бастығы Р.Ж.Еркегалиева, Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Б.Б.Журумухамедов, “Банк Центр Кредит” АҚ филиалының басшысы Н.В.Михайлова, “Атамекен” ҚР кәсіпкерлер палатасының басшысы М.М. Құланбаев және өзге де мүдделі тұлғалар 3 тілде оқыту, СОНО бағдарламасын енгізу, туризм және қонақ үй бизнесі саласында ағылшын тілін білетін мамандарды даярлау, мемлекеттік сатып алу бойынша білікті мамандарды даярлау сияқты өзекті мәселелерді талқылап, құнды кеңестер мен пікірлерін ортаға салды. Отырыс қорытындысында білім бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz