2024 жылдың 27 сәуірінде БҚИТУ Салалық технологиялар институтының Құқық кафедрасында Победа көшесі, 137/1 және оған іргелес аумақта орналасқан оқу корпусының аумағын жинау бойынша сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке ПОҚ және құқық кафедрасының білім алушылары белсенді қатысты. Оқытушылар мен білім алушылар бірыңғай топпен бекітілген және іргелес аумақты қоқыстардан тазартты, ағаштар мен бордюрларды әктеді. Институт басшылығы сенбілікке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Осы іс-шараның соңында еңбек сенбілігінің барлық қатысушыларының шаршауының орнына қуаныш сезілді, өйткені барлығы құқық кафедрасының оқу корпусының іргелес аумағы біздің қолымызбен қалай өзгергенін көрді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz