Батыс Қазақстан Инновациялық-технологиялық университетінің Өнеркәсіптік технологиялар институтында «Таза Қазақстан» акциясы және «Қардан тазалау» челленджі аясында экологиялық шара өткізілді. Іс-шараға Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының студенттері белсене қатысып, Ихсанов көшесі, 44 үйдің маңайын қардан тазалады.
Қысқы маусымда қар тазалау – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жайлы жағдай жасау үшін маңызды шара. Студенттеріміз өздерінің азаматтық белсенділіктерін көрсетіп, бірлескен еңбек жұмысының маңыздылығын түсінді.
Университет әкімшілігі мен кафедра ұжымы барлық қатысушыларға олардың бастамашылдығы мен еңбекқорлығы үшін алғыс білдіреді. Бұл іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және бірігу мен жауапкершіліктің тамаша үлгісін көрсетуге үлес қосады.