Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Шаған өзенінің оң жақ жағалауында Іскер әйелдер кеңесі мен Ауыл партиясының ұйымдастыруымен, сондай-ақ, Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен қала тұрғындары арасында BATYS WINTER RUN 2025 жүгіруден марафоны өтті. BATYS WINTER RUN 2025 жүгіру марафонына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Салалық технологиялар институтының құрылтайшысы Бозымова Айгул Казыбаевна үздік нәтиже көрсеткен аталым иелеріне ақшалай сыйлықпен қолдау көрсетті. BATYS WINTER RUN 2025 жүгіру марафонына Орал каласы әкімінің орынбасары А.Тапишев, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Сәбитов, “Ауыл” партиясының төраға орынбасары Ғ.Қапақов, БҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Л.Турсынова, Орал каласы дене шыныктыру жене спорт бөлімінің басшысы А.Исанов құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Салалық технологиялар институтының 40 студенті және жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушылары: Шалаев Б.Б., Утебалиев М.М., Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаменті жетекшісі Төлекбаева Д.С. қатысты. Жүгіру марафонында 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Чайников Тимофей Витальевич үздік нәтиже көрсетіп “Ерекше қайсарлығы үшін” аталым иесі атанды және 6В04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Исмагулов Данияр Русланұлы ақшалай сыйлыққа ие болды


