2024 жылғы 20 қараша күні «1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес» күніне орай «Қаржы және экономика» кафедрасы Білім және менеджмент институтының білім алушыларына «АИТВ/ЖИТС аурулардың алдын алу» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырды. Семинар-сабаққа № 6 қалалық емханасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Губайдуллина Асель Ерболатовна қатысты.
Маман АИТВ/ЖИТС туралы, ЖИТС-тің пайда болу белгілері, АИТВ пен ЖИТС – тің берілу жолдары, АИТВ қалай берілмейді, алдын-алу шаралары, қорғану шаралары, АИТВ – инфекциясы бар немесе жоқ екендігін қалай білуге болатыны туралы сөз қозғалды. Іс-шараға қатысушылар маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оған толық жауап алынды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары – буклеттер мен үнпарақтар таратылды.

