2024 жылғы 20 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Салалық технологиялар институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасының  ұйымдастыруымен барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттеріне  “Құқықтық, патриоттық тақырып бойынша профилактикалық жұмыс” тақырыбында қонақ дәріс өткізілді. Институтымыздың қонағы құқық қорғау органдарының ардагері, БҚО полиция департаментінің ардагерлер кеңесінің мүшесі, полиция подполковнигі Л. И. Мұратова студенттерге заң аясында құқықтарын баяндап, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Дәріс барысында студенттер аталмыш тақырып бойынша көптеген сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Дәріс соңында ЖББ кафедрасы ұжымы  Л.И. Мұратоваға білім алушылармен жүргізілген тәрбие жұмысы үшін алғыс білдірді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz