2024 жылдың 20 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің әкімшілігі мен Бойсе қаласындағы Айдахо штаты университетінің (Boise State University) халықаралық ынтымақтастық орталығының проректорының орынбасары, философия докторы Гонзало Брюспен кездесу ұйымдастырылды

БҚИТУ тарапынан іс-шараға университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шәкешев Бекболат Темержанұлы, бірінші проректор және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Машанова Самал Амангелдіқызы, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жұбантаев Изімғали Нұрымұлы, білім және менеджмент институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тасмағамбетов Әсет Сембайұлы, ғылым жұмыс және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Уразова Бакит Әділгерейқызы қатысты.

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары философия докторы, қауымдастырылған профессор Тихонюк Екатерина Васильевна және педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Бахитжанова Айгүл Бауыржанқызы іс-шараны ұйымдастыруға және толыққанды аударма ісінің жүзеге асуына көмек көрсетті.

Шәкешев Бекболат Темержанұлы мен Машанова Самал Амангелдіқызы БҚИТУ білім алушыларын дайындауға арналған білім беру бағдарламалары мен университетіміздің даму басым бағыттары туралы айтып, сөз сөйледі. Өз кезегінде доктор Гонзало Брус Бойсе қаласындағы Айдахо штаты университетінің студенттерді даярлау бағыттары және  BSU ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпаратпен бөлісті. 

Кездесуге қатысушылар одан әрі ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттарын талқылады. Кездесу нәтижесінде екі университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін академиялық ұтқырлық жоспарын әзірлеу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын қарастыру туралы шешім қабылданды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz