ЖҚТБ (АИТВ/СПИД), ішімдік пен нашақорлықтың алдын алу мақсатында ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған эдвайзерлік сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және қоғамдағы өзекті мәселелерге немқұрайлы болмауға тәрбиелеу болды.

Шараға БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК мамандары шақырылды. Атап айтқанда, орталықтың дәрігер-эпидемиолог көмекшісі Баймуханова Ляззат Темирбековна және педагог Галимгалиева Бахытгул Бурамбаевна студенттерге АИТВ инфекциясының жұғу және алдын алу жолдары, вирустың адам ағзасына әсері, сонымен қатар аурудың қазіргі таңдағы эпидемиологиялық жағдайы туралы кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, іс-шараға «Жастар» жастар орталығының меңгерушісі Зарифова Азиза Бауржановна қатысып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытында орталықта атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Ол студенттерді өз уақытын тиімді өткізуге, қоғамдық белсенділік танытуға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Кездесу барысында студенттер АИТВ-ның алдын алу жолдары туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Мұндай кездесулер жастардың медициналық сауаттылығын арттырып, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz