2025 жылғы 24 қазан күні БҚИТУ СТИ – дің 6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі БББ 3-курс білім алушылары Орал қаласындағы №2 өрт бөлімшесіне экскурсияға барды. Экскурсия «Ғимараттар мен құрылыстарды өрттен қорғау» пәнін оқу аясында ұйымдастырылды.
Экскурсияның мақсаты – білім алушыларды өрт бөлімшесінің қызметімен, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерімен таныстыру, сондай-ақ оқу үрдісінде алынған білімді практикалық тұрғыда қолдануды көрсету.
Экскурсияға «Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушысы И.К. Жумағалиев жетекшілік етті, білім алушыларға әдістемелік қолдау көрсетті және практикалық ақпаратты теориялық пәндермен байланыстыруға көмектесті.
Караул басшысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты А.А. Клишев студенттерге бөлімше бойынша толық экскурсия өткізді. Ол өрт бөлімшесінің құрылымы, өрт сөндірушілердің ұйымдық міндеттері, өртті сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын негізгі техника мен жабдықтар туралы айтып берді. Арнайы назар өрттің әртүрлі түрлері кезінде өрт сөндірушілердің әрекеттеріне, қауіпсіздік шараларына және жеке қорғау құралдарын дұрыс пайдалануға аударылды.
Экскурсия барысында білім алушыларға өрт болған жағдайда негізгі қауіпсіздік ережелері, оттың таралуын алдын алу әдістері, сондай-ақ адамдарды оқшаулау және құтқару рәсімдері түсіндірілді. Өрт сөндіргіштер және басқа өрт жабдықтарымен жұмыс істеу практикалық дағдылары көрсетілді.
Экскурсия білім алушылардың «Ғимараттар мен құрылыстарды өрттен қорғау» пәні бойынша теориялық білімдерін тереңдетуге, өрт сөндірушілердің жұмысын практикалық тұрғыда көріп, әртүрлі нысандар мен жағдайларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптерін бекітуге мүмкіндік берді.


