Қазақстан Республикасы бойынша  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бірлесіп қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған қарқынды жұмыстар атқарылуда.

   Осы бағыттағы жұмыстардың мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту үшін «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылып келеді. Жалпы республикалық акция аясында әртүрлі белгілі тұлғалардың өмірлерінен және еңбектерінен адалдық, парасаттылық бағытында бейне-дәрістер түсіріліп, республика бойынша таратылуда.

   Соның ішінде «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акция негізінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сабыр Мұрат Бөкенбайұлымен бейне-дәріс түсірілген болатын. Түсірілген бейне-дәрісті жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында университеттің барлық факультетінің студентерімен кураторлық сағаттары өткізілді.

 

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz