14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күні халық тоқсанның шығып, (үш ай қыс), жылдың келуін қуана қарсы алады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалған дастарханын жаяды. Отбасының жасы кіші мүшелері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен, осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.
Осы орайда Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінде Көрісу күні ұйымдастырылды. Бірінші курстың студенттері мен ұстаздары келген қонақтармен қол алысып амандасып, дастарханнан дәм татқызды. Күмбірлетіп күй тартылып, ән айтылып, би биленді. Амал мерекесі – Көрісу баршаның көңілінен шықты.
Тәрбие және ұйымдастыру бөлімі
