2025 жылдың 10 желтоқсан күні Білім және менеджмент институтының  «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Р.С.Кинжекова мен аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі А.Е.Жумасейтованың ұйымдастыруымен педагогикалық білім беру бағдарламасының 2-курс білімалушыларына «Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбындағы оқу семинары өткізілді.

Оқу семинарының  мақсаты – Абайдың шығармалары арқылы жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, Абайдың ұлағатты, терең мағыналы ой толғамдары арқылы жастардың сана-сезіміне әсер ету, рухани тәлім-тәрбие бере отырып, жеке тұлғаның жан дүниесіне серпіліс жасау.

Оқу семинарының теориялық бөлімінде  «Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ 2-курс студенті Аманкелді Әли «Абайдың «Толық адам» идеясының мазмұны», «Дене шынықтыру және спорт» ББ 2-курс студенті Мутиголла Адамбек «Абай жастардың болашағы – ғылым мен білімде», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ 2-курс студенті Тлепқалиева Аружан «Абайдың жастарды адамгершілік тұрғыдан  тәрбиелеу жөніндегі ойлары», «Информатика» ББ 2-курс студенті Шарафадинова Нагипа «Абай еңбек тәрбиесі жөнінде»,  «Дене шынықтыру және спорт» ББ  2-курс студенті Өтепкалиев Дарын «Халқының ұлы мұраты үшін Абай  жасаған күрескерлер бейнесі», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ 2-курс студенті Құламанқызы Жанел «Абайдың тұрмыс құрар жастарға өсиеті» тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.

Практикалық бөлімде «Абайдың он жетінші қарасөзі» бойынша постерлер қорғалып, қатысушылар Абайдың философиялық мазмұнға толы нақыл сөздерін жалғастыру арқылы ой түйінделіп, QR-код арқылы өз пікірлерін білдірді.

Бұл өткізілген оқу семинары сонымен бірге «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің қорытынды жұмысы ретінде ұйымдастырылып, студенттердің ғылыми-теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz