2025 жылы 2 сәуірде Қаныш Сатпаевтың туған күніне орай Салалық институтының «Ғылым онкүндігі – 2025» іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндері кафедрасы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған поэзия сайысын ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға «Электротехника», «Көлік, көліктік технологиялар», «Ветеринария», «Сәулет», «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері қатысты.
Жыр байқауының шарты бойынша қатысушылар А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарға жауап берді, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушының шығармалары туралы білімдерін көрсетті, ақынның өлеңдерін жатқа айтты, сонымен қатар Абайдың «Қара сөздерінен» үзінділер оқыды.
Оқытушылардан құралған қазылар алқасы – ф.ғ.к., профессор Б.А. Шканова, ф.ғ.к., қаумд. профессор А.А. Уабиева, аға оқытушы Т.Р.Исағұлова, қазақтың ұлы ағартушысы шығармашылығына студенттердің қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті. Нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:
I орын – Отарғали Ердәулет, БЖД-11 тобы
II орын – Спашев Армат, БЖД -11 тобы
III орын – Котова Зарина, АРХ-15 тобы
белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды: Бекзат Сәлімгерей EЛ-11 тобы; Аман Аруна, AУ11 тобы; Өтеш Ақбота, AРХ-17 тобы.
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған іс-шараның соңында жиналғандар ақынның «Көзімнің қарасы» өлеңіне жазылған әр заманның танымал әнін хормен орындады.



