Қазақстан ғалымдар күні мерекесі қарсаңында БҚИТУ педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ш.С. Набидоллина М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты І.Ө.Хасановамен кездесу ұйымдастырды.

 І.Ө. Хасанова «Бастауыш мектепте зат есімді  когнитивті оқытудың әдістемесі» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінде сәтті қорғап, Махамбет университетінің оқу тәрбие, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, жоғары кәсіби мамандар мен ғалымдар дайындау ісіне және ғылыми- зерттеу жұмыстары бағытында жоғары нәтижелерге қол жеткізген ғалым.

Ғалым 1 монография, 2 оқу құралы, 3 оқу-әдістемелік құралдың, 90-нан астам ғылыми мақалардың авторы.

Кездесуді модератор, педагогика ғылымдарының магистрі, кафедраның аға оқытушысы А.З. Мамбеталиева жүргізіп, І.Ө. Хасанованың өмір-деректері мен жетістіктеріне арналған презентациялармен таныстырды. Кездесуде сондай-ақ ғалымның енбегі туралы студенттері мен шәкірттерінің  видеопікірлері көрсетілді.

Ғалым өз сөзінде ғылымға алғашқы қадамы мен ірі ғалымдармен кездесулері туралы баяндап,  ғылыми енбектеріне шолу жасай отырып, студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге қатысқан  педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Р.С. Кинжекова, академиялық қызмет департаментінің басшысы, филология ғылымдарынң кандидаты, қауымдастырылған профессор А.А.Раманова ғалымның енбек жолына жоғары баға беріп, жаңа жетістіктерге қол жеткізу туралы ұсыныстар айтты.

Кездесуді  педагогика және психология кафедрасының  меңгерушісі, PhD доктор,  қауымдастырылған профессор Н.Ж. Султаниязова қорытындылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.