2025 жылдың 12 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институты «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру бағыты аясында волейболдан Орал қаласының мектеп түлектері командалары арасында жарыс өтті. Жарысқа Бәйтерек ауданы Белес мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің түлектері мен Орал қаласының Ахмет Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беру мектебінің, №22 жалпы білім беретін мектебінің, Ә.Н.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің, Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебінің, №48 жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты. Тартысты ойында жүлделі орындарға келесі командалар ие болды: 3-орын №22 жалпы білім беретін мектебінің командасы, 2-орын №48 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы, 1-орын Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы. Командаларға медальдар, кубоктар, грамоталар табысталды.



