2018 жылдың 4 қазаны күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің акт залында филология және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен елімізге белгілі ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінің тілшісі ҒАЙСА-ҒАЛИ СЕЙТАҚТЫҢ 60 жас мерейтойына орай «Қасиет қонған қара жер» тақырыбында әдеби-сазды кездесу кеші өткізілді.
Кездесу кешінің негізгі мақсаты ақын шығармаларын насихаттау, кейінгі ұрпаққа үлгі тұту, поэзия арқылы қазіргі жастардың рухын қалыптастыру.
Кездесу кешіне ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Амангелді Шахин, қаламыздағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, жалпы жыр сүйер қауым қатысты.



