16 қазан 2018 жылы педагогикалық факультеттің «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен   Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешенінен «Педагогика және психология» және «Психология» мамандығының 4 курс студенттеріне дәріс оқуға дефектолог Кадырова  Нурлыгул Паруховна және психолог  Мендешова Аягөз Ержанқызы шақырылды.

Дәріс тақырыбы: Есту және сөйлеу  қабілеті бұзылған балалармен психологтың жұмыс ерекшеліктері. Мақсаты: Студенттерге есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен психологтың  жұмыс ерекшеліктерімен және дефектологтың жұмыс бағыттарымен таныстыру.

Сондай-ақ мамандар  өз тәжірбиелерімен бөлісті. Студенттер болашақ мамандығында кездесетін мәселелерді талдауға белсенді түрде қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz