2018 жылдың 28 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Тілдер және менеджмент факультетінің» 1- курс студенттері арасында «Денсаулық күні» аталып өтті.

Дүниежүзі бойынша Денсаулық күнін 1950 жылдан бастап дәстүрлі түрде атап өтеді. Сондықтан,  адамдардың денсаулығын сақтауда спорттың маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда екені түсінікті. Бүгінгі таңда оны жүзеге асыруда құлықсыздық танытып отырған адамдар санын азайту басты мәселеге айналған.

«Хан тоғайы» демалыс орнына жиналған студенттерге «Мәдени-тынығу және ЖББП» кафедрасының меңгерушісі, спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы Жасқайратов А.Ж. «Денсаулық күні» мере­кесімен құттықтап, іс-шараны ашық деп жариялады.

100 метр қашықтыққа жүру сайысында ұлдар арасындар «Учет және аудит» мамандығының 121 топ студенті – Авдиеев А. үздік шықса, қыздар арасында «Мәдени-тынығу және ЖББП» мамандығының 111 топ студенті – Метенова Ә. алдына жан салмады.

«Эстафета» сайысында «Аударма ісі» мамандығының студенттері жылдамдық пен ептілігін көрсетіп, үздік атанды.

«Арқан тартыс» ойынында «Шет тілі» мен «Аударма ісі» мамандықтарының студенттерінен құралған топ жеңіске жетті.

16 келілік гір тасын «Аударма ісі» мамандығының студентті Дмитреев В. 56 рет көтеріп, шаршы топта топ жарды.

Спорттық шара ары қарай топтық және жекелеген сайыстармен жалғасын тапты.  Шара соңында үздік нәтижие көрсеткен студенттер мақтау қағаздарымен  марапатталды. Студенттер денсаулық күніне арналған фестивальден оң әсер алып, жаңа оқу жылында бойларына күш-қуат жинап, бір серпілгендері анық.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz