Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басымдылықтарды жүзеге асыру, студент жастардың әлеуетін дамыту, жастардың шығармашылық қабілеттерін шындау мақсатында 2017 жылдын  5-7 желтоқсан күндері Алматы қаласында «Алматы-жастар қаласы» алғашқы Республикалық форумы өтті. Бұл шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттік ректоры Иманғалиев Мирас қатысып, форум барысында Алматы қаласының 38 үздік жоғары оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен кездесіп, тәжирібе алмасты. Форумға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек мырза қатысты.

Студенттер сарайында өткен «Алматы – жастар қаласы» атты жастар форумында Бауыржан Байбек «2020 жылға дейін жастарды қолдаудың қалалық Жол картасын» жүзеге асырудың алғашқы қорытындысы туралы айтты және қала билігінің күш-жігері аға ұрпақты қолдауға жұмсалатынын атап өтті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz