БҚИТУ педагогикалық факультеті филология кафедрасының доценті А.А.Абдульманов, аға оқытушылар Ж.М.Саматова, Д.И.Рыскалиеваның ұйымдастыруымен 8 желтоқсан күні «Литературный Уральск: созидание двух цивилизаций» атты поэзия кеші өтті. Бұл шара Старый Уральск мұражайында өтті. Кешке жергілікті жазушы Ялфимов Александр Петрович, Мухин Геннадий Леонидович, кафедра оқытушылары және «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология», «Қаржы», «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының 1,2 курс студенттері қатысты.
Кеш қонағы Александр Петрович өңірімізде тұратын халықтардың достығы мен олардың құрылуы және өлкеміздің ерекшелігі туралы әңгімеледі. Студенттеріміз Ж.Молдагалиев, М.Шаханов, С.Балашов, А.Кабанова өлкемізге арнап өлеңдерін оқыды.
