2017 жылдың 7 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетінде «Тарих және ӘГП» кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен педагогикалық факультеттің 20 жылдығы аясында Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 95 жылдығына орай «Махаббат қызық мол жылдар» атты қойылым кеші өтті. Кеш барысында тарих, құқық және экономика мамандығының студенттері дайындаған Әзілхан Нұршайықовтың өмірі, шығармашылығы баяндалатын «Махаббат қызық мол жылдар» атты көрініс қойылды. Көріністе С.Ниғметиярова мен Н.Бұхаров «Сүйгеніңді бағала» және А.Жаңабаева «Махаббат дастаны» әнін орындады. Қойылым соңы әсем әуенмен аяқталды.
