2019 жылы 3-қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика, тілдер және менеджмент факультеттерінің жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Ұстаздың мәртебесі – Ел мерейі!» атты мерекелік шара өтті. Жыл сайын әлемнің жүздеген елі қазан айының бірінші аптасында осы мерекені атап өтеді. Бұл күні біздің педагог ұстаздарымызға жылы лебіз, алғыс-тілектер айтылып, мерекелік кештер ұйымдастырылып, гүл шоқтары табыс етіледі.
БҚИТУ ректоры, э.ғ.д.,профессор Р.С.Габдуалиева өзінің мерекелік құттықтауын жеткізді. Әріптестеріне мықты денсаулық, жұмыста табыс және студенттерге зор алғыс айтып сәттілік тіледі.
Кеш барысында әндер айтылып, мәнерлеп өлең шумақтары оқылды.
2018 жылы 5-қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетінде жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Ұстазға мың тағзым» тақырыбында мерекелік шара өтті. Жыл сайын әлемнің жүздеген елі қазан айының бірінші аптасында осы мерекені атап өтеді. Бұл күні біздің педагог ұстаздарымызға жылы лебіз, алғыс-тілектер айтылып, мерекелік кештер ұйымдастырылып, гүл шоқтары табыс етіледі.
БҚИТУ оқу ісі жөніндегі проректоры Ж.Т.Ерназаров өзінің мерекелік құттықтауын жеткізді. Әріптестеріне мықты денсаулық, жұмыста табыс және студенттерге зор алғыс айтып сәттілік тіледі.
Кеш барысында әндер айтылып, мәнерлеп өлең шумақтары оқылды.