2018 жылдың 10 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің ғимаратында бірінші курс студенттерінің қатысуымен діни экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы тұру бағытында ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілді. Шараның мақсаты: студенттер арасында дәстүрлі діндерді насихаттау, діни терроризм мен экстремизмнің алдын-алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұл шараға Н.Сейтақова – БҚО Дін істер басқармасының бас маманы, С.Сакауова – ДІБ Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, С.Сидахметов – педагогикалық факультетінің діни істер жөніндегі кураторы қатысты. Студенттер БҚО Дін істер басқармасынан келген мамандарына сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.
