2018 жылдың 19-қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогикалық факультеттің қазақ тілі мен әдебиеті, кітапхана ісі мамандықтарының 2-курс студенттері және топ кураторы Д.М.Какимова арнайы шақыртумен Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада ұйымдастырылған Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологін насихаттауға арналған оқырмандар конференциясына қатысты.
Шараға аталған арнайы кітапхананың тұрғылықты оқырмандары, қала мектептерінен мұғалімдер мен оқушылар қатыстырылды.
Шара барысында шығарма мазмұны талданып, кейіпкерлер образына қатысты оқырмандар пікірі тыңдалып, монолог оқылды.
Студенттер тәрбиелік мәні зор оқырмандар конференциясынан үлкен әсермен оралды.

