2018 жылдың 19 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты кездесу оздырылды. Кездесуге БҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Ермекбаева Әйгерім Халиоллақызы, педагогикалық факультеті дін істер жөніндегі куратор Сидахметов Серік Елтайұлы, кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. БҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Ә.Х.Ермекбаева кездесуге жиналғандарға діни экстремизмнің қаупі туралы айтып өтсе, С.Е.Сидахметов діни экстремизмнің шығу тарихына тоқтап өтті. Кездесуде діни экстремизм жайында бейне ролик көрсетілді. Кездесу соңында кездесу қонақтары оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына толық жауап берді.