Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Педагогикалық факультетінің студенттері 2018 жылдың 17 қазан күні “Өрле, Қазақстан” жастар ақпараттық – түсіндірме тобы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында “Дін мәселелерін зерттеу орталығының” дінтанушы маманы Абдрашит Абдрасул Арманұлы діни экстремизм, салафизм ағымдарының идеологиясымен таныстырып, теріс ағым өкілдерінің жастарды арбау әрекеттерін қалай жүзеге асыратындығын зерттеулер барысында айқындалған амалдарын тәжірибе жүзінде түсіндірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz