2018 жылдың қыркүйек айында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетіне мұнай саласындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ағылшын тілінде дәріс оқу үшін ВР (Алжир) компаниясы инженер-жобалаушысы Симпсон Рональд Коуй шақырылды. Шара университет кафедра меңгерушілері, факультет профессорлық-оқытушылар құрамы, шетел тілі пәні оқытушылары және “Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпісіздігі”, “Мұнай-газ ісі”, “Экология”, “Құрылыс”, “Электр энергетикасы”, “Ветеринарлық санитария” мамандығы студенттері қатысқан тыңдаушылардың ауқымды көлемін жинады.
Университет оқытушылары мен студенттері дәріс тақырыбына үлкен қызығушылық танытты. Жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру туралы, қауіпсіздік техникасын өрескел бұзу – өндірістегі апаттар мен жазатайым оқиғалардың ең жиі кездесетін себебі болатындығы туралы ақпарат тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын туғызып, пікір алмасуға жетеледі. Студенттер дәріскерге көптеген сауалдар қойып, толық жауаптар алды. Дәріс соңында барлық тыңдаушылар сертификаттарға ие болды.



