15 қазан 2018 жылы БҚИТУ гуманитарлық-заңтану факультетінде сағат 11.00-12.00 уақытында Қазақстан Президенті,Халық көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев 5 қазан 2018 жылғы жолдауын талқылау бойынша факультеттің оқытушылар құрамы,студенттерімен БҚИТУ ректоры,э.ғ.к,профессоры Р.С Габдуалиева және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор,магистр А.И. Абекешовпен кездесу өтті.

Кездесуге 40 студент пен және факультеттің оқытушылары қатысты.Университет Ректоры жария форматтағы дәрісінде Президент жолдауыңың экономикалық аспектілерін ашып айтты. Ректор өз баяндауында Президенттің ұсынған өзінің көзқарастары мен әдістерін,экономикалық тұрақты дамуын қадағалау және қазақстандықтардың әл ауқатын көтеру жөнінде айтып өтті.

Келесі болып баяндама оқыған тәрбие ісі жөнінде проректор А.И. Абекешов. Ол президент жолдауы идеясының маңызын ашып , «Рухани жаңғыру»бағдарламасының идеясын жастар арасында тәрбиелеуді көрсетіп өтті.

Гуманитарлық-заңтану факультетінің деканы, ф.ғ.к Х.Х. Капанов өз баяндамасында жастарды белсенділікке өзін-өзі басқарушылыққа дамыту,жаңашыл мүмкіндіктерді пайдалануды ұсынды.

Гуманитарлық- заңтану факультетінің 2 курс студенттері Абуова А.  және Зубченко Г сөз сөйледі. Президент жолдауы мен Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша жастар құрамы ретінде белсенді қатысып, өз ісін меңгеру кезінде түрлі жаңалықтар мен бастамашылдықтарды үйренуге дайын екендерін айтты. Олар Президент жолдауын түсіндіріп, жеткізген үшін Университет  басшылығына және факультетке алғыстарын  айтты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz