2025 жылдың 24 қаңтарында салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің мамандары А.Е. Танжарикова мен А.Т. Махамбетова Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылындағы «Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінің» түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мектеп бітіруші түлектерге оқу орнындағы білім беру бағдарламалары мен университетке түсу ережелері туралы ақпарат берілді.

