2025 жылдың 20 ақпан күні БҚИТУ қауымдастырылған профессоры, п.ғ. к. Ш.С. Набидоллина “Заманауи оқыту формалары мен әдістері: ізденістер мен шешімдер” тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – педагогтердің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу. Семинарда Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің магистрі   Е.К.Талғатов, № 49  ЖОББМ  директоры А.О. Ералиева А.О., № 49 ЖОББМ шағын орталығының әдіскері Н.С. Сабирова Н. С., №39 “Салтанат” бөбекжайы меңгерушісі  А.А.Абилова, Ж. Досмұхамедова атындағы жоғары педагогикалық колледжі директорының орынбасары Л.С. Есенова, Ж. Досмұхамедова  жоғары педагогикалық колледжінің әдіскері А.Т. Зайнуллина, Орал гуманитарлық – техникалық колледжі директорының орынбасары А. М. Сағидуллина, оқытушы Шотова Г. С. тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды  баяндамалар жасады.

Барлық спикерлер сабақтың мазмұнын іріктеуде  жеке ізденістер мен шығармашылық  табыстарын, білім беру ұйымдарында оқыту қызметін ұйымдастырудың жаңа  формаларын  көрсетті.

Семинарға қатысқан оқытушылар мен магистранттар сұрақтар қойып, оқыту формалары  мен әдістердің  жаңалығын атап өтті.

Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Н.Ж. Сұлтаниязова семинарды қорытындылап, қонақтарға ЖОО педагогикалық мамандықтары туралы айтып, кәсіптік бағдар беру бойынша үлестірме материал ұсынды.

Білім  және менеджмент институтының директоры А. С. Тасмағамбетов  білім беру ұйымдарын өкілдеріне және қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғыс айтып, семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.