Қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай, оқушыларға ерте жастан кәсіби бағдар беру – болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың негізгі кепілі. Осы мақсатта 2025 жылдың 24 ақпанында Орал қаласындағы №20, Х.Доспанова атындағы №30, №32 мектептерінде Салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімі мамандары А.Е. Танжарикова, А.Т. Махамбетова жүйелі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижесінде көптеген оқушылар өз мамандықтарын ерте анықтап, мақсатты түрде білім алуға талпынады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz