2025 жылдың 20 ақпанында Білім беру технологиялары институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасы ақын, ұстаз, қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың туғанына 150 жыл толуына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге институт оқытушылары мен барлық СTИ бағдарламаларының бірінші курс студенттері қатысты. Алғы сөзімен кафедра меңгерушісі, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты. Қадырғалиев Нұрболат Меңдіғалиұлы. Дөңгелек үстел басында белгілі өлкетанушы Сафуллин Жантас дайындаған Ғ.Қараштың өміріне арналған фильмнен үзінділер көрсетілді. Филология ғылымдарының кандидаты, профессоры Шканова Б.Ә., аға оқытушы Сыикова Р.Г. ақын, философ, ұстаз, баспагердің шығармашылығына тоқталды. Дөңгелек үстелге келесі студенттер белсенді қатысты: Филиппов Д., ОП-12 топ «Ғ.Қараш – ақын, ағартушы, жерлесіміз»; Юсупова А., ОП-12 топ «Ғ.Қараштың педагогикалық қызметі»; Берниязова Д., ОП-12 топ «Ақын, ағартушы»; Коноплев Д., ВТИС-12 тобы; Исатайұлы М., БЖД-11 топ «Ғ.Қараш «Сөздің мағынасы не?» әнін орындады; Маратов Ф., БЖД-11 топ «Ғ.Қараш «Өнер, ғылым жолына».

Қадырғалиев Н.М. іс-шараның қорытындысын шығарып, ректор атынан студенттерге белсенді қатысқаны үшін дипломдар табыс етті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz