6В06104 – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III ҚРЗ «Білім туралы» Заңының (20.04.2023 ж. бойынша өзгертулер мен толықтырулармен), «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының салалық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттарының, сондай-ақ қолданыстағы ҚР нормативтік құжаттары негізінде әзірленді. Білім беру бағдарламасын құрудың мазмұны мен логикасы ҚР ғылым және жоғары білім Министрлігінің нормативтік талаптарына, жұмыс берушілердің талаптарына және университеттің ішкі ережелеріне байланысты. Білім беру бағдарламасын құра отырып, Салалық технологиялар институты мен энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы оқытудың қолданылатын технологияларын жоспарлаудың, әдістемелік қамтамасыз етудің заманауи ғылыми және іс жүзінде негізделген тәсілдерін қолданды. Мұндай тәсілдердің нәтижесі нормативтік және оқу құжаттарының академиялық тұтастығы болып табылады, ол жоғары деңгейде осы білім беру бағдарламасын іске асыру тетігін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы Дублин дескрипторлары мен Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес келетін Ұлттық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленеді.

Білім беру бағдарламасы білім алушылардың келесі екі маманданудың бірі бойынша өз дайындық бағытын таңдауын көздейді:

  1. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  2. Ақпараттық жүйелер

ББ дайындау кезінде «Атамекен» ҚР ҰКП-ның мынадай нормативтік-құқықтық құжаттары пайдаланылды:

Кәсіби стандарттар:

– WEB және мультимедиялық қосымшаларды тестілеу 23.12.2019 ж.

– Графикалық және мультимедиялық дизайнды әзірлеу 12.04.2022 ж.

– Компьютерлік жүйелердің архитектурасын басқару 12.04.2022 ж.

– Бағдарламалық құралды тестілеу 12.04.2022 ж.

– Графикалық және операциялық жүйелерді әкімшілендіру 12.04.2022 ж.

– Ақпараттық инфрақұрылым мен IT қауіпсіздігін қамтамасыз ету 12.04.2022ж.

– Бұлтты технологиялардағы әзірлемелер 12.04.2022 ж.

– Деректер қорларын әкімшілендіру 12.04.2022 ж.

– Жүйелік және желілік әкімшілендіру 12.04.2022 ж.

ББ қайта қарау барысында оған мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілді:

– жұмыс берушілердің сұранысы бойынша «Java Script бағдарламалау тілі», «Объектіге бағытталған Dart тілі» жаңа пәндері енгізілді, сонымен қатар «PHP бағдарламалау», «Web – бағдарламалау» пәндері бойынша кредиттер саны ұлғайтылды.

– «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіптік стандарттарының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында бірқатар базалық және бейіндік пәндердің мазмұны қайта қаралды және қайталанатын бірқатар пәндер алынып тасталды.

Білім беру бағдарламасын әзірлеу, ұдайы мерзімдік қайта қарау және іске асыру кезінде жұмыс берушілермен ынтымақтастық жүйелі сипатта болады: білім беру бағдарламасының мазмұнын өңірдің жұмыс берушілерімен талқылау және келісу практикасы қалыптасты; жұмыс берушілерді оқу процесіне және практикаларды басқаруға тарту, оқытушылардың әдістемелік әзірлемелерін рецензиялау; жұмыс берушілерді мемлекеттік аттестаттау комиссияларының құрамына қосу, жұмыс берушілердің мамандарды даярлау сапасына қанағаттануына сауалнама жүргізу және бағалау.

Білім беру бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігінің бірі, білім алушылардың тәжірибе базасы болып табылатын Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының IT саласындағы жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарында өтетін оқу және өндірістік практикалары болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.