6В07105 – «Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III ҚРЗ «Білім туралы» Заңының (20.04.2023 ж. бойынша өзгертулер мен толықтырулармен), «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының салалық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттарының, сондай-ақ қолданыстағы ҚР нормативтік құжаттары негізінде әзірленді. Білім беру бағдарламасын құрудың мазмұны мен логикасы ҚР ғылым және жоғары білім Министрлігінің нормативтік талаптарына, жұмыс берушілердің талаптарына және университеттің ішкі ережелеріне байланысты. Білім беру бағдарламасын құра отырып, Салалық технологиялар институты мен энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы оқытудың қолданылатын технологияларын жоспарлаудың, әдістемелік қамтамасыз етудің заманауи ғылыми және іс жүзінде негізделген тәсілдерін қолданды. Мұндай тәсілдердің нәтижесі нормативтік және оқу құжаттарының академиялық тұтастығы болып табылады, ол жоғары деңгейде осы білім беру бағдарламасын іске асыру тетігін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Білім беру бағдарламасы білім алушылардың келесі екі маманданудың бірі бойынша өз дайындық бағытын таңдауын көздейді: «Электр энергетикасындағы автоматтандыру және басқару» немесе «Мұнай-газ саласындағы автоматтандыру және басқару». ББ қайта қарау барысында оған мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілді:
– «Экология, бизнес және құқық негіздері», «Қаржылық сауаттылық» пәндері енгізілді.
Білім беру бағдарламасын әзірлеу, ұдайы мерзімдік қайта қарау және іске асыру кезінде жұмыс берушілермен ынтымақтастық жүйелі сипатта болады: білім беру бағдарламасының мазмұнын өңірдің жұмыс берушілерімен талқылау және келісу практикасы қалыптасты; жұмыс берушілерді оқу процесіне және практикаларды басқаруға тарту, оқытушылардың әдістемелік әзірлемелерін рецензиялау; жұмыс берушілерді мемлекеттік аттестаттау комиссияларының құрамына қосу, жұмыс берушілердің мамандарды даярлау сапасына қанағаттануына сауалнама жүргізу және бағалау.
Білім беру бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігінің бірі, білім алушылардың тәжірибе базасы болып табылатын Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының IT саласындағы жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарында өтетін оқу және өндірістік практикалары болып табылады.