6В07102- «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III ҚРЗ «Білім туралы» Заңының (27.04.2023 ж. бойынша өзгертулер мен толықтырулармен), «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының салалық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттарының, сондай-ақ қолданыстағы ҚР нормативтік құжаттары негізінде әзірленді. Білім беру бағдарламасын құрудың мазмұны мен логикасы ҚР ғылым және жоғары білім Министрлігінің нормативтік талаптарына, жұмыс берушілердің талаптарына және университеттің ішкі ережелеріне байланысты. Ұлттық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламасын құра отырып, ол Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісіледі, еңбек нарығының талаптары мен жұмыс берушінің сұраныстарын ескереді.
Салалық технологиялар институты және “Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы” кафедрасы оқытудың жоспарлауына, әдістемелік қамтамасыз етілуіне және қолданылатын технологияларына заманауи ғылыми және іс жүзінде негізделген тәсілдерді қолданды. Мұндай тәсілдердің нәтижесі нормативтік және білім беру құжаттарының академиялық тұтастығы болып табылады, ол жоғары деңгейде осы білім беру бағдарламасын іске асыру тетігін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Білім беру бағдарламасы білім алушылардың келесі екі маманданудың бірі бойынша оқыту бағытын таңдауын көздейді: “Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдықтарын пайдалану және жөндеу “, “Ауыл шаруашылығы өндірісінің электр электромеханикалық жабдықтарын пайдалану, жөндеу және жобалау”.
ББ қайта қарау барысында жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша “Асқын кернеу және оқшаулау”, “Жоғарғы кернеулер техникасы”, “Өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергоаудиті ” сияқты бірқатар жаңа пәндер енгізілді.
Білім беру бағдарламасын әзірлеу, ұдайы мерзімдік қайта қарау және іске асыру кезінде жұмыс берушілермен ынтымақтастық жүйелі сипатта болады: білім беру бағдарламасының мазмұнын өңірдің жұмыс берушілерімен талқылау және келісу практикасы қалыптасты; жұмыс берушілерді оқу процесіне және практикаларды басқаруға тарту, оқытушылардың әдістемелік әзірлемелерін рецензиялау; жұмыс берушілерді мемлекеттік аттестаттау комиссияларының құрамына қосу, жұмыс берушілердің мамандарды даярлау сапасына қанағаттануына сауалнама жүргізу және бағалау.
Білім беру бағдарламасының ең маңызды құрамдас бөлігі білім алушылардың мемлекеттік, өңірлік және жергілікті басқару деңгейлеріндегі энергетикалық қызметтерде, кәсіпорындар мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда, сондай-ақ Орал мен Батыс Қазақстан облысында да, Республиканың Батыс өңірінде де энергиямен жабдықтаушы компанияларда өтетін оқу және өндірістік практикасы болып табылады.
Білім беру бағдарламасының ең маңызды құрамдас бөлігі білім алушылардың мемлекеттік, өңірлік және жергілікті басқару деңгейлеріндегі энергетикалық қызметтерде, кәсіпорындар мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда, сондай-ақ Орал мен Батыс Қазақстан облысында да, Республиканың Батыс өңірінде де энергиямен жабдықтаушы компанияларда өтетін оқу және өндірістік практикасы болып табылады.