Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Халықаралық сапа күніне орай Орал қаласы, Ихсанова көшесі 44/1, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мамандандырылған аудиториясында сағат 12-00 – де Ақпарат күні өткізілді.
Шараны ұйымдастырушылар «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті», БҚО бойынша Техникалық реттеу және метрология департаменті РММ және БҚО бойынша филиал «ҚазСтИн» РММ.
Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар:
- Ашылу – Вахитов Салауат Даутович, БҚО бойынша Техникалық реттеу және метрология департаменті РММ басшысы;
- «Вопросы стандартизации в РК и ЕАЭС» – Удишева Айман Максутовна, БҚО бойынша филиал «ҚазСтИн» РММ директоры;
- «Взаимодействие и взаимообмен информацией по вопросам Соглашений ВТО по ТБТ/СФС» – Удишева Айман Максутовна, БҚО бойынша филиал «ҚазСтИн» РММ директоры;
«Внедрение систем мнеджмента предприятиями ЗКО» – Искиндирова Камшат Алматовна, БҚО бойынша филиал «ҚазСтИн» РММ жетекші маманы.
Аталған шарада БҚИТУ инженерлік-технологиялық факультеті экология және биотехнология кафедрасының оқытушылары және 6В073200 «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) мамандығының 4 курс студенттері және 5В073100 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 2,3 курс студенттері.
Өткізілген шараның мақсаты – сапа мәселесіне қоғамның көңілін аудару, сонымен қатар техникалық реттеу, стандарттау және сапа менеджменті сұрақтары бойынша және аймақтың шегінде сапаның маңыздылығы мен жетістіктерінің бәсекеге қабілеттілігін баяндау болып табылды.
Студенттер өткізілген шараға үлкен қызығушылық білдірді, сұхбаттасу форматында өтті. Тыңдаушылар әртүрлі сұрақтар қойып және оған нақты жауаптар алған болатын.
