19 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының жатақханасында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күніне орай және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында дәстүрлі сенбілік ұйымдастырылды. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан сенбілікке студенттер белсенді қатысып, жатақхана аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Бұл — қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, жастардың ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсететін игі дәстүр.
Таза орта — жайлы өмірдің негізі. Ал тазалыққа деген жауапкершілік — әрқайсымыздан басталады!
Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан осындай дәстүрлі шаралар университет жастарын бірлікке, жауапкершілікке және туған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz