2026 жылғы 8-13 тамыз аралығында Астана қаласында Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа Салалық технологиялар институтының Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Шалаев Б.Б. белсенді түрде қатысты.

Спорттық іс-шараның бағдарламасына екісайыс, кермеге тартылу және 1000 метрге жүгіру кірді. Бұл чемпионатқа Қазақстанның барлық облыстарынан 17 команда құрамында 300-ден астам қатысушы қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша Булат Бурдекешевич 70+ жас санатында (10 қатысушының ішінен) Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық және алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz