2026 жылғы 21 тамызда Бәйтерек ауданының «Достық» жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі мұғалімдерінің тамыз конференциясы өтті. Іс-шара білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың құзыреттерін дамытуға және ұлттық құндылықтарды оқу үдерісіне енгізуге арналды.
Конференция аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Аманбаева Зауре Жиеналиевна «Жасанды интеллект дәуірінде құндылықтарға негізделген ағылшын тілін оқыту: сапа, сабақтастық және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
Семинар барысында 5–9-сыныптарға арналған Excel және 10–11-сыныптарға арналған Action оқулықтары негізінде «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын кіріктіру, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту және цифрлық құралдарды қолдану жолдары ұсынылды. Ағылшын тілі мұғалімінің жұмысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға ерекше назар аударылды.
