2026 жылғы 30–31 мамыр күндері Грузияның Тбилиси қаласында WKF каратэден өткен халықаралық «Georgia Open» турнирінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Мадина Алиманова тамаша нәтиже көрсетіп, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кумитэ бойынша алтын медаль иегері атанды.

Аталған жарысқа әлемнің 16 елінен 700-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Осындай беделді халықаралық додада жеңіс тұғырынан көріну — жоғары дайындықтың, табандылықтың және спортқа деген адалдықтың жарқын көрінісі.

Мадина Алиманова — каратэден қара белбеу иегері (1 дан), әлем чемпионы, Қазақстанның, Орталық Азияның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы. Сонымен қатар Азия чемпионатының қола жүлдегері, ТМД елдерінің I ойындарының қола жүлдегері, БРИКС ойындарының қола жүлдегері және Қазақстан Республикасы студенттері арасындағы XIII жазғы Универсиаданың күміс жүлдегері.

Бұл жеңіс — Мадинаның көп жылғы еңбегінің, қажырлы жаттығуларының және жеңіске деген жігерінің нәтижесі. Оның жетістігі университетіміздің ғана емес, еліміздің де спорттық абыройын асқақтататын маңызды жетістік болып табылады.

Мадинаны, халықаралық аренадағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістер мен толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz