Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің (БҚИТУ) Салалық технологиялар институты еңбек нарығының заманауи талаптары мен өңір қажеттіліктеріне сай экономиканың түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлайды. Институттың білім беру бағдарламалары кәсіби құзыреттерді, практикалық дағдыларды және табысты мансапқа қажетті көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

Сұранысқа ие мамандықтардың бірі – құқықтану. Бұл бағытта студенттер құқық саласы, Қазақстан Республикасының заңнамасы және құқық қолдану тәжірибесі бойынша терең білім алады. Түлектер мемлекеттік органдарда, құқық қорғау құрылымдарында, заң компанияларында және бизнес секторында табысты еңбек етеді.

Аграрлық білім беру саласында институт ветеринария және ветеринария зооинженерия негіздерімен бағыттары бойынша мамандар даярлайды. Болашақ мамандар жануарлар ауруларын диагностикалау, алдын алу және емдеудің заманауи әдістерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру, күтіп-баптау және олардың өнімділігін арттыру мәселелерін меңгереді.

Ерекше назар технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасына аударылады. Бұл мамандық түлектері тағам өнімдерінің өндірісінен бастап сақтау және өткізу кезеңдеріне дейінгі барлық процестерде сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Экономиканың цифрлық трансформациясы жағдайында есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер бағдарламасы үлкен сұранысқа ие. Студенттер бағдарламалау, компьютерлік желілер, деректер базалары және әртүрлі қызмет салаларына арналған цифрлық шешімдерді меңгереді.

Инженерлік-техникалық бағыттарға көлік, көліктік техника және технологиялар, технологиялық машиналар мен жабдықтар, автоматтандыру және басқару, электр энергетикасы және мұнайгаз ісі мамандықтары кіреді. Оқыту өндірістік процестерді, жабдықтарды пайдалануды, автоматтандырылған басқару жүйелерін және өнеркәсіп пен энергетикадағы инновациялық технологияларды игеруге бағытталған.

Маңызды бағыттардың бірі –қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі. Бұл бағдарлама өнеркәсіптік, экологиялық және техногендік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы мамандарды даярлайды.

Құрылыс саласы үшін институт құрылыс және сәулет бағдарламаларын жүзеге асырады. Студенттер ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану, заманауи сәулеттік шешімдер мен қала құрылысы технологияларын меңгереді.

Жер қатынастары саласында жерге орналастыру және кадастр бағыты бойынша мамандар даярланады. Бағдарлама жер ресурстарын басқару, кадастрлық есепке алу және геоақпараттық технологияларды қамтиды.

Көлік-логистика саласы көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасмалдауды ұйымдастыру бағдарламасымен ұсынылған. Бұл бағыт көлік процестерін басқару, логистика, тасымалдауды ұйымдастыру және көлік жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша мамандарды дайындайды.

БҚИТУ Салалық технологиялар институтындағы оқу сапалы теориялық дайындықты, заманауи білім беру технологияларын және тәжірибеге бағытталған оқытуды біріктіреді. Студенттер өңір кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтіп, ғылыми жобаларға қатысады және оқу барысында кәсіби дағдыларын дамытады.

БҚИТУ қабылдау комиссиясы өз жұмысын 20 маусымда бастайды және құжаттарды 25 тамызға дейін қабылдайды. Талапкерлер білім беру бағдарламаларын таңдау, оқуға түсу шарттары, гранттар және оқу процесіне қатысты басқа да мәселелер бойынша кеңес ала алады.

БҚИТУ Салалық технологиялар институтына түсу – сапалы білім алып, сұранысқа ие мамандықты меңгеріп, табысты кәсіби болашаққа сенімді қадам жасау мүмкіндігі.

Салалық технологиялар институтын таңдай отырып, талапкерлер өз әлеуетін жүзеге асырып, заманауи экономика жағдайында тиімді жұмыс істей алатын жаңа буын білікті мамандар қатарына қосылады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz